Алматыда 7 баллдан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін бе – Сейсмологтар жауап берді
Сейсмология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметінше, биыл эпицентрде магнитудасы 5,5-тен жоғары немесе 7 балдан асатын жер сілкінісі болу ықтималдығы төмен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітованың айтуынша, сейсмолог мамандар Алматы облысында күшті жер сілкінісінің үш мезгілдік болжамын жасап жатыр.
Жыл басында Алматыдағы жер сілкіну қаупі бар өңірлерге 2024 жылға арналған орта мерзімді болжам жасалды. Болжамға сәйкес, биыл магнитудасы 5,5-тен асатын, эпицентрде дүмпу қарқыны 7 балдан жоғары жер сілкінісінің ықтималдығы төмен”, – дейді Елизавета Есенжігітова.
Еске салайық, алматылықтар магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісін сезген еді. Төтенше жағдай департаменті қазақстандықтарға не себепті жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама келмегенін түсіндірді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"