"Серуендеп жүріп тауып алдым": Британдық 460 миллион теңге болатын қазынаға кенелді

Ұлыбритания тұрғыны серуендеу кезінде құны шамамен 800 мың фунт стерлинг (шамамен 457 миллион теңге) болатын қазынаны тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып.

Біріккен Корольдіктің тұрғыны үйден серуендеуге шыққан, құстарды көруге барған. Содан кейін ол аяғының астында "ежелгі дискіге" ұқсайтын жылтыр затты байқаған. Осыдан кейін британдық ол заттың не екенін білгісі келіп, металл детекторын алып қайта келген. Бірнеше сағаттан кейін ер адам ежелгі кельт құмырасын тапты, оның ішінде шамамен біздің заманымыздың 50-жылдарына тиесілі 1300 тиын болған.

Мамандардың пікірінше, әрбір тиын 650 фунт стерлинг тұрады (шамамен  370 мың теңге). Ал жалпы қазынаның құны 845 000 фунт стерлингті құрады (481 миллион тенге). 

"Серуенге шықтым, еңкейгенім сол-ақ, балшықта жылтыраған затты көрдім. Оны ескі кір жуғыш машина екен деп қалдым", - дейді ол.

Айта кету керек, бұл олжа 2008 жылы Англияның шығысындағы Суффолктағы Викхэм базарынан табылған 850 монетадағы кельт қазынасының рекордынан асып түседі. Ал 2009 жылы Қытайдағы ойын алаңында салмағы екі тоннадан асатын қазына табылды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр