Серікбол Сайлаубек Түркияда Tutamas әнінің авторын іздеп жүр (видео)
Қазақстан эстрадасындағы еңбекқор әншілердің бірі Серікбол Сайлаубек 20 жылда алғаш рет демалысқа шықты. Әнші саяхат елі ретінде қазақстандықтар жиі сапарлайтын Түркияны таңдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Серікболдың дәл Түркияға баруы бекер емес. Жиырма жылда алғаш шетелге шығып тұрған әнші демалыспен бірге жұмысты ұштастырмақ ниетте. Ол бозбала кезінен ұнатқан Tutamas әнінің авторын іздеп жүр. Аталған туындыны орындау – Серікболдың байырғы арманы екен. Бұл туралы әншінің директоры Ринат Тәттібай айтып берді.
“Серікбол келіссөз жүргізу үшін қазір барлық жерден Tutamas әнінің авторын іздеп жүр”, – дейді ол.
Айтпақшы, әнші қолы қалт еткенде Түркия көшелерін әнімен әуелетіп жүр. Ол Tutamas-ты түрік азаматымен бірге орындаған видеосын Instagram-дағы парақшасына жүктеп, жұртты сүйсіндірді.
Ал тыңдармандар әннің әншіге жараса кеткенін айтып, сәттілік тіледі.
Тағы оқыңыз:
Нұрлан Еспановқа айнытпай пародия жасаған жігіт жұртты күлдірді (видео)
Нұржан Керменбаев: Әйеліме деген сезімім балалы болғаннан кейін оянды
Бойы екі метрден асатын қазақ әншісі төсек шақ келмей, қиналып жүр (видео)
Ерке Есмахан “10 жыл дегенде әрең көтерілді” деп сынағандарға ренжіп қалды