AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серікбол Қайрат Нұртасты не себепті масқаралап видеоға түсіргенін айтты

Серікбол Сайлаубектің есімі қазір шоу-бизнестің де, той бизнестің де хитіне айналып тұр.

серік

Алайда, кейде оны “халтура”, кейде “өз танымалдығы үшін Қайратты пайдаланған азамат” деп сөгіп жатады.

Ел аузында жүрген өсектер мен сындар туралы Серікболдың өзі  Stan. kz сайтының тілшісіне ашық сұхбат берді.

“Осыдан талай жыл бұрын орын алған видео əлі де менің қыр соңымнан қалар емес. Күні бүгінге дейін “сен Қайратты көре алмайсың”, “Қайратты масқара етуді көздедің”деген пікірлерді естимін. Бірақ, Қайрат Нұртас екеуміздің арамыздан ешқандай қара да, ала да мысық өтпеді. Біз достармыз. Сондықтан достардың арасында түрлі әзілдер болабереді. Ол бір көңіл көтерген кез. Ойын. Күні бүгінге дейін доспыз. Ал,екеуміздің ортамызға от салмақ болған азаматтардың іштері сезіп отырған шығар. Сол кісілер ұялу керек.   Менің арым таза”,-дейді әнші.

Адалдыққа жанықұмар Серікболдың жұмыс кестесі өте тығыз. Ол үнемі ел аралап, концерттік сапарларда жүреді. Бір қызығы, өзге əріптестері секілді кешке кіру құнының қымбат емес, су тегін болғанын жөн санайды.

“Бұған дейін мен 150 ден астам тегін концерт бердім. Оны бірі танымалдылықты арттырудың амалы десе, бірі азаматтылыққа балап жүр. Шынымды айтсам, эфир мен жарнаманы жақсы көрмейтін продюсерімнің қолдауымен тегін кештер өткізіп жүрмін. Нанға ақша таппай жүрген мұқтаж жандар біздің қоғамда қаншама? Олардың да рухани демалып, концерттік кешке куə болып, рахатқа бөленуге құқығы бар деп ойлаймын,-” деп ағынан жарылған жігіт ақшаны емес, адамгершілік пен арды биік қоятынын айтады.

“Менің бір тойға гонорарым – 3000$. Басқа əріптестерім секілді құпия деп өтірік жасырғым келмейді. Бірақ, қайырымдылық шарасы белгіленген болса, маған қанша есе көп көк қағаздарды берсе де бармаймын. Мен ақшаға сатылатын азамат емеспін. Өмірлік ұстанымым – “ердің екі сөйлегені өлгені” сенбесеңіздер кез-келген ұйымдастырушыдан сұрап көріңіздер,-дейді Серікбол Сайлаубек.

Сондай – ақ, Серікбол Сайлаубек өзін “халтура” деп атайтын əріптестеріне де үндеу айтты.

“Мені “халтура” дейтіндерге Алла сана мен сабыр берсін. Мен ол сөз үшін ешқашан намыстанған емеспін, намыстанбаймын. Себебі, қазақ болып туып, қазақтың қуанышына, тойына ортақтасып жүргенім үшін қуанамын. Ал, мені “халтурщик” дейтіндер көре алмайтын, іші тар жандар. Өздерін “фирма” санап, орысша-ағылшынша тілдерін сындырып, əлек болып жүрген əріптестерімді мен менсінбеймін,сыйламаймын. Ондай əншілермен бетпе-бет келіп, 24 сағат еш ауыз жаппастан жарыса аламын. Олар айтып жүрген əндерді мен диванда аяқты жоғары көтеріп жатып айтамын. Мен үшін қазақ әндері нағыз фирма ән болып саналады”,-дейді Серікбол Сайлаубек.

Оқи отырыңыз:

Тоқтар Төлешовтың екі әйелі оны сотқа берді

Қызылордада жас жігіт 20 мың теңге үшін таксисті өлтіріп кетті

Астаналық жас тоқал көңілдесінің министрлікте лауазымды қызмет атқаратын айтты

Банк келісім шартын оқығанда неге назар аудару керек?

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр