Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экология вице-министрі тағайындалды

Үкіметінің қаулысымен Мұқатаев Серікәли Мұхаметкәрімұлы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Серікәли Мұқатаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын бітірген. 

Еңбек жолын 1990 жылы Сарқан қаласының №55 жылжымалы механикаландырылған колоннаның шебері болып бастады, онда 1997 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 

1997-2000 жылдары жеке ұйымда жұмыс істеді. 

2000-2003 жылдары – Сарқан аудандық әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы. 

2003 жылы Сарқан ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болды. 

2005-2010 жылдары – Сарқан ауданы әкімі аппараты құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. 

2010-2020 жылдары – ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясында басшылық қызметтерді атқарды. 

2020 жылғы наурыз-сәуірде – су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары. 

2020 жылғы сәуір-шілде аралығында – су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалы директорының орынбасары. 

2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалының директоры болды.

Талқылау