Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Жұманғарин журналистерге құрметсіздік танытқаны үшін сынға қалды

Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Халықаралық "Астана" қаржы орталығы (ХҚО) резиденті мәртебесін пайдаланып, 200 миллиард теңгеден астам салық төлемеген компанияның атауын атаудан бас тартты. Ақыр соңында журналистің айтқанын елемей, брифингті аяқтап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Әділ сөз" қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова экономика министрі Серік Жұманғариннің журналистерге деген қарым-қатынасына қатысты өз пікірін білдірді. 

Оқиға 23 маусымда сенаттағы брифинг кезінде болған. BES.media порталының журналисі Жұманғариннен Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы 200 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтарған компанияның атын атауды сұраған. Министр бұл сұраққа жауап берудің орнына микрофонды өшіріп, брифингтен ерте шығып кеткен.

Қарлығаш Жаманқұлова бұл әрекет мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты иелемеу деп бағалады. 

"Жұманғарин мырза, шамасы, мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексінен жоғары сияқты. Аталған құжаттың 5-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер ашықтық қағидатын (яғни қоғаммен жұмыс істеу және ашықтық көрсету), сондай-ақ сыпайылық қағидатын (яғни азаматтар мен бақылаушы институттарға құрметпен қарау) ұстануға міндетті", – деп жазды журналист. 


  • Абай облысының жаңа әкімі 400 миллион теңгеге жиһаз алмақ 


Ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен министрдің бұл әрекетіне ресми баға беруңн сұрады.

"Журналистерден этиканы сақтау талап етілуі мүмкін. Ал спикерлер ше? Бұл – тараптар бірдей талаптарға бағынуы тиіс", — деді Жаманқұлова.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 18:10
Талқылау