Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Жұманғаринді премьер-министрдің орынбасары және Сауда министрлігінің басшысы қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет ашық дереккөздерден алынды
"Жұманғарин Серік Мақашұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын", - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. Ұзақ уақыт Индустрия министрлігінде, Экономикалық даму және сауда министрлігінде басшылық қызметтерінде болды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн