Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Жанболат: Баян Мақсатқызы – мен үшін ғылым докторы

Танымал журналист әрі мәдениет қайраткері Серік Жанболат нарық талап етіп отырған PR заңдылықтарын түсіндіре келе, не себепті Баян Мақсатқызын Жазушылар Одағының хатшысы қызметіне келуін қолдайтынын түсіндірді.

баян максатовна серік жанболат 0208

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева және PR туралы ойымен ол Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

“Баян Мақсатқызы – ғылым докторы, мен үшін! Сөйтіп, Баян деп бір шулап қойып жатырсыздар. Мен өзіме арзан пиар жасайын деп отырмын. Қазіргі пиардың заңдылықтары қызық! Ақ пен қара жоқ онда. Оны қазекем кезінде «атың шықпаса – жер өрте» деп айтып қойған. Бұл ақиқат қазір. Сол себепті де шет елдегі әйгілі тұлғалар аңда-саңда төбелес шығарып қояды. Пиар! PR бизнесті жүргізудің бір саласы ретінде ғылымға айналды. Бұл – тұтас әлем, мектеп бұл”, – деп бастады сөзін Серік Жанболат.

Журналист шетелдерде PR-мен айналысатын арнайы компаниялардың бар екенін, ал қазақ халқының жарнаманың бұл түрінен мүлдем хабарсыз екенін жеткізді.

“Ал, қаршадай қазақ қызы Баян бұл ғылымды он бес жыл бұрын меңгеріп қойған. Қанша ренжісеңіз де, шындығы осы. Біз бүгін оны қаралағанға дейін, әлдеқашан. Баян – феномен! Біз әрбір шуылдаған сайын оның жемісі молаяды. Оның өмірінің ағы да, қарасы да оның жетістігі бола береді. Бұл – пиардың заңы. Ал, енді осыдан кейін Баянды қиратып алайықшы. Еркегіміз бар, әйеліміз бар, бір қаршадай қызбен, бір Баянмен алысамыз да жатамыз. Күлесің бе, жылайсың ба? Бір партияның танымал хатшысы бар алдымызда, Баянға азуын батырса, елдің тұрмысын оңдап жібергендей жадырап кететін. Кім біледі, Баянның арқасында өзіне де, партиясына да рейтинг жинап жүрген шығар? Арманы ғой! Несі бар, пиардың ондай заңдылығы да бар. Пиар! Бірақ, өте арзан пиар”, – деген Серік Жанболат Баян ұқсап бүкіл елдің алдында PR жасап үйренуге шақырды.

“Қазақ жазушылары – мықты. Бірақ, әлемге танымал бірі жоқ. Өйткені, пиар жоқ. Мен Баян Мақсатқызы деген жазушыны білмеймін. Бірақ, ертең білетін боламын. Өйткені, ол нарық механизмдерімен жұмыс істейді. Пиар жасайды. Ертең әдеби агент жалдап, тыңғылықты жұмыс істей бастайтынын сеземін.

«Баянды жазушылар Одағы мүшелікке алса ұтылмайды» дегенім, Баян емес, Баянды Баян етіп отырған нарық механизмдері болатын. Құдайға шүкір, пиарды меңгеріп келе жатқан жігіттер аз емес. Зәттібек Көпбосынұлы – феномен! Бірақ, пиарға терең бармай жүр. Қайрат Нұртас – феномен! Жақсы пиарщик. Төреғали Төрәлі – феномен. Бір жақсы айқай-шу шығарып қойса, тіпті керемет болар еді.

Байқап отырсыз, мен пиарға бір Баянның көзімен қарап отырған жоқпын. Баян Мақсатқызын мысалға келтірдім. Өйткені, қайталап айтайын PR – тұтас ғылым. Ол ұтқыр, әрі тынымсыз жұмыстың жемісі. Біз құр шулап жүргенде сол Баян бірнеше әншілер тобын құрып үлгерді. Оны бизнес жобаға айналдырды. Бірнеше кино түсірді. Олары табысты болды. Енді кітап жазды. Тағы не істейтінін бір құдай біледі. Бірақ, тынымсыз адам бірдеңе жасайтынына еш шүбәм жоқ. Пиарды сондықтан жасайды. Пиар оны жаңа биіктерге жетелейді. Ал, отбасында шаруам жоқ”, – деп түсіндірді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Босанғаннан кейін 20 келі қосып алған Қарақат арықтауға бел буды

Асхат Садырбай экс-жұбайы Ерке Есмаханның әнін тыңдап жүр (видео)

Жігітім қытайша біледі: Баян Мақсатқызы сүйіктісінің қабілетін көрсетіп мақтанды (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы: Ұлды әлпештеп қызды қатал ұстағандықтан, әлсіз ерлер мен мықты қыздар көбеюде

Талқылау