Серік Сүлейменов президенттің Байқоңырдағы арнайы өкілі қызметінен кетті
Серік Сүлейменов президенттің Байқоңырдағы арнайы өкілі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Ол бұл қызметке 2020 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.
Серік Сүлейменов 1966 жылы дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін математика және құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Осы жылдар ішінде Президент Әкімшілігінде, премьер-министр Кеңсесінде және квазимемлекеттік секторда қызметтер атқарды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді