Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Күдебаев елден қашқаны үшін сотталды

Алматы және Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа  алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Сот Күдебаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігі (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша кінәлі деп танып, осы әрекеті үшін алты айға бас бостандығынан айырды. Алайда жазаларды қосу арқылы бұрын тағайындалған 10 жыл мерзім қосымша үш айға ғана ұзартылды", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Күдебаевтың қорғаушысы соттан айыппұл жазасын тағайындауды өтінгені туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, 2022 жылдың 13 мамырында Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Бас прокуратура Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына "ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік" үшін айыпталып жатқанын хабарлады.

Серік Күдебаевтың өзі оқиғаның өзіндік нұсқасын ұсынып, қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Талдықорғаннан не үшін кеткенін айтты. Сәуір айының басында ол сотқа келмей, елден қашып кеткен (алдымен Қырғызстанға, кейін Түркияға), содан кейін оған халықаралық іздеу жарияланған. Бір ай өтпей жатып Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан бері Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарындағы қызметінен өз еркімен кетті.

Талқылау