Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов: Керек кезде келіншегімнен ақша сұраймын

Әнші Серік Ибрагимов отбасылық өмірінің қалай өтіп жатқанын айтып берді. Ол келіншегімен бірге қалаға жуырда ғана келген екен. Әзірге жалдамалы пәтерде тұрып жатқан-ды.

1404

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Серік Ибрагимов 2016 жылдың күз айында шаңырақ көтерді. Әнші келіншегімен бірге қалаға енді ғана келіп жатыр екен. Ол қос дипломы бар келіншегіне жұмыс істеуге рұқсат беріпті. Арасында одан ақша сұрайтынын да жасырмады.

“Әйелімнің қанша айлық алатынын білмеймін. “Өзіңе жетсе болғаны” деп айтқанмын. Ақшасын мен алмаймын. Кейде керек болып қалса сұраймын. Ол негізінен өзіне керек заттар мен үйге азық-түлік алып жүреді. Үйленіп, ауылдан енді ғана келіп жатырмыз… Өзіме керек ақшаны алып, артығы болса, келіншегіме әкеліп беремін. Өзіме керекті дүниені алып қаламын”, – дейді Серік Ибрагимов.

Аталған арнаның журналистері әншінің шаңырағында қонақ болып, келінмен танысқылары келетінін жеткізді. Алайда әнші әзірге жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын ашып айтты.

“Жасыратын ешнәрсесі жоқ. Қазір пәтерде тұрып жатырмыз. Біз енді ғана үйлендік. Қазақта “Бас екеуі болмай, мал екеу болмас деген” керемет мақал бар. Басымызды екеу қылып алдық. Алла бұйырса, мал жанымыз көбейеді деген ойдамын”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева Мальдив жігіттерімен қосылып таңдай қақтырарлық би биледі (видео)

Айдана Меденова бал айында түнеген қонақүйге қызын апарды (фото)

Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш туралы фильм түсіріп жатыр

Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады

Талқылау