Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов әндерінің плагиат екенін мойындады

Серік Ибрагимовтің репертуары тағы бір хит әнмен толықты. Осыдан үш ай бұрын халыққа “Қыз бала гүл” әнін ұсынған өнер иесі бүгінде тойға деген сұраныстың артқанын айтады. Алайда әнші табысын арттырған бұл туындының плагиат екенін мойындап отыр.

Серік Ибрагимов

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Таңшолпан” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Әлеуметтік желідегі пікірлерге, халықтың сұранысы мен тойда орындалуына қарасақ, иә бұрынғы әндерімнің табысын қайталай алған сияқты. Себебі тойға да сұраныс көп”, – дейді Ибрагимов.

Әнші алдағы уақытта аталған әнге бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Ибрагимов бұл туындыны көршілес өзбек ағайындардан алғанын айтты.

“Негізі ескі ән, ауылдағы тойларда өзбекше нұсқасын айтатынмын. Бұл негізі өзбекше ән, оның несін жасырамын? Бәрі біледі. Кезіндегі әндердің бәрі ретроға айналған, бізге де сіңіп кетті. Неге сөзін өзгертіп, мағына беріп, мән беріп айтпасқа деп, Әл-Фараби Бекарысұлы деген бауырым сөзін жазып, жаңаша өңдеуден өткізіп, халыққа ұсындық”, – дейді Серік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 08 Қазан, 2018 14:59
Талқылау