Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартты

Мемлекеттің ақшасын талан-таражға салғаны үшін сегіз жылға сотталған экс-премьер Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартып отыр.

serik_ahmetov

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұрынғы шенеунік пен аты шулы іске қатысы бар тағы төрт адамнан қомақты сома өндірілсін деген сот шешімі осыдан бір ай бұрын шыққан еді. Экс-премьер Серік Ахметов ісіне қатысты бес сотталушыдан материалдық шығын өтеуді талап еткен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің арызын сот алқасы жартылай ғана қанағаттандырыпты.

Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішев бастаған экс-шенеуніктер үкімет қазынасына 148 миллионнан астам ақша қайтаруы тиіс болған. Дегенмен сотталғандардың өзі шешіммен келіспей, аппелляциялық шағым түсірді. Енді үш бірдей арыз Қарағанды облыстық сотында қаралмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Халық шағымын сотқа айта ма әлде президентке хат жазып жүре бере ме?

Назарбаев: “100 қадамды” шайқақтатуға жол бермеймін

Сот студент қыздың үстінен түсірген Мұхамедиұлының шағымын қабылдаудан бас тартты

Қазақстандықтар желтоқсан айындағы мейрамдарда қалай демалады

Талқылау