Назарбаев: “100 қадамды” шайқақтатуға жол бермеймін

Дүйсенбі, 21 Қараша , 2016 13:02

Қазақстан президенті “100 нақты қадам” ұлттық жоспары аясындағы әр қадамның орындалуы қажеттігін еске салды.

10343503
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жуық арада бүкіл мемлекеттік органдардан “100 қадам” бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп алуға уәде берді. “Бүкіл 100 қадам орындалуға тиіс, оңды-солды бұрмалау деген жоқ. Шайқақтатуға жол бермеймін, мұны бәріңе де айтқанмын. Жуырда барлық органдар не істеп, неге қол жеткізгендігі туралы есеп беретін болады”, — деді Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында.

Назарбаев сырқатынан кейін алғашқы жұмыс кездесуін өткізді. Ол былтырғы жылы осы бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заң шығару базасы құрылғандығын еске салды. “Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ондаған арнайы заң қабылданды. Бұл заңдар 1 қаңтардан күшіне енді, бұдан былай неге қол жеткізгенімізді талқылайтын боламыз”, — деп уәде берді президент.   Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне сүйенсек, “100 қадам” бағдарламасында сот және құқық қорғау органдарының құзіретіне 19 қадам берілді, қазіргі таңда олардың 12-сі ғана орындалған. “Қалғандары толықтай атқарылған жоқ”, — деп атап өтті елбасы.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты пайдалы екенін білмеймін

Ақмола облысында аязға қатып қалған әкімдік қызметкері көз жұмды

Ер адам жер сілкінісінен қираған шахта астында қалып 17 жыл азапты өмір сүрген

Қыз кейпіндегі елес көретін бойжеткен болашағы үшін алаңдап көмек сұрайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар