Серік Абас-шах: Бекжан Тұрыс қыз болып туғанда есімі Аружан Саин болар еді
Қазақ тележүргізушісі, продюсер Серік Абас-шах Бекжан Тұрысқа әзіл-шыны аралас тілек жазып, туған күнімен құттықтады.
Ол егер:
Қыз болып туғанда, аты-жөні Аружан Саин болар еді.
Таза дін жолына түссе, есімі Қайрат, тегі Жолдыбай болар еді.
КазГудің журфагын бітірсе, онда мен жұмыссыз қалар едім.
Бірақ, ол мемлекеттік қызмет атқарса, елу жасқа жеткенде бәрібір қысқарып кетер еді.
Өйткені,
оның ұстанымы қалыптан тыс,
оның болмысы басқаша,
оның пайымы басқаша,
оның өрісі басқаша.
Өйткені, ол екіжүзді бола алмайды.
Өйткені, ол сатқындыққа бара алмайды.
Өйткені, жалпақбай, жалтақбай емес.
Өйткені, ол сондай” АДАМ!
Екеуміздің аздап ұқсастығымыз бар.
Екеуміз де ақпанда туғанбыз.
Екеумізден де ақша қашады.
Екеуміз де Мағжан деген жігітті танимыз.
Екеуміз шығармашылық жұмыста бір бірімізге керекпіз.
Айтпақшы:
Оның аты-жөні Бекжан Тұрыс.(15.02.1965 жыл)
Неге Тұрыс?
Өйткені, тұрысы жақсы.
Ол тұрғанды, тұрғызғанды, тұрғандарды жақсы көреді.
Оған тағы елу жыл жатпай тұра тұр деп тілеймін.
Туған күн құтты болсын, бауырым”, – деп жазады продюсер желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары Бекан Тұрыстың актерлігін мойындайтындарын айтып, ізгі тілегін жаудыры.
“Бекжан ағаның туған күні құтты болсын! Ол кісі керемет актер! 100-жасасын, сіз де! Алла разы болсын сіздерге!”, “Туған куніңіз құтты болсын! Бекжан аға, Алла өмір жасыңызды ұзақ қылсын, мың жылда туар актерсіз” деп жазды желідегілер.
Тағы да оқыңыз:
Өзі жайлы ақпараттан шаршаған Төреғали журналистерге арнап бейнебаян түсірді (видео)