Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенсация: “Барыс” турнир фавориті “Авангардты” жеңді

хоккейФото:”Барыс” хк

Астаналық “Барыс” хоккей клубы жылдың қорытынды матчында сырт алаңда омбылық “Авангардты” жеңіп, сенсация жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шығыс конференциясы кестесінде “Барыс” оныншы орында тұрса, ал “Авангард” екінші орынмен бұл ойынның айқын фавориті ретінде бағаланған еді. Алайда астаналық команда алаң қожайындарын айқын басымдықпен тізе бүктірді.

Бірінші кезеңде “Барыс” сапынан Всеволод Логвин мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Екінші кезеңде Әлихан Әсетов есеп айырмасын ұлғайтып, “Авангардты” қиын жағдайға қалдырды. Алаң иелері бір шайбамен жауап қатқанымен, Кирилл Панюков “Барыстың” басымдығын қайта нығайтты.

Соңғы кезеңде астаналықтар тағы бір шайба соғып, есепті 4:2-ге жеткізді де, матч фаворитін айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, қос команда арасындағы бұл матч Құрлықтық хоккей лигасы аясында өтті.

Келесі матчта астаналық клуб 6 қаңтар күні сырт алаңда Нижний Новгородтың “Торпедо” командасына қарсы ойнайды.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 31 Желтоқсан, 2025 13:10