Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сенің жігерің басқаларды қанаттандырады": Тоқаев елордалық Әли туралы жазба қалдырды

Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА Суперкубогын марапаттау рәсіміне қатысқан қазақстандық Әли Тұрғанбековке сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков "Ливерпуль"  мен "Челси" арасындағы УЕФА Суперкубогына арналған марапаттау рәсіміне қатысты. Сенің жігерің басқаларды қанаттандырады. Барлық арман-тілегің орындала берсін", - деп жазды мемлекет басшысы. 

Марапаттау рәсімінде ойыншылардың әрқайсысы Тұрғанбековты құшақ жая қарсы алды, оны "Қазақстандық Ник Вуйчич" деп атайды.

"Ливерпуль" капитаны Джордан Хендерсон УЕФА Суперкубогын жеңіп алып, Тұрғанбековке ұстатты. Матч алдында 11 жастағы Тұрғанбеков "Ливерпуль" және "Челси" жаттығуларына қатысып, футболшылармен бірге ойнады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтаннан келген Әли Тұрғанбеков көптеген футбол жұлдыздарымен, соның ішінде Диего Марадона, Лионель Месси, Андрей Шевченко, Неймар және басқалармен кездескен еді.

Талқылау