AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сенің ұсқынсыз анаңа әкең енді бармайды": Бес балалы әкенің көңілдесі балаларына жасырын хат жазған

Бес баланың әкесі қарт анасын, әйелін, балаларын тастап басқа әйелге кетті. Заңды түрде өз әйелімен ажыраспаған. Алайда азаматтық некеде көңілдесімен бірге тұрып жатыр. Жансейіттің көңілдесі Жанар оның балаларына жасырын хат жіберіп, баланың психикасына әсер еткен екен. Бір отбасының шырғалаң тағдыры ел алдында жария болды. 

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

70 жастағы Оразкүл Әлмесова ұлы Жансейіттің өзі мен бала-шағасын тастап, отбасынан кеткенін айтты. Ұлын кешіре алмаған ана одан бас тартып отыр. Жансейіттің өзі әйелімен ажырасқысы келетінін айтты. Оған себеп өзге әйел. Өзге әйелге көңілі ауған әкенің бірінші отбасына оралғысы жоқ. 

"Мен бастапқыда түсіндіріп айттым. Анама да, әйеліме де басқа әйелді алып келемін дедім. Бір шаңырақта тұрғым келді. Жанардың өзін әрең көндірген едім. Жанар деген мен сүйіп қалған әйел. Атын өзгертіп айтып отырмын. Оның өзін көндіру оңай болған жоқ. Бірақ өз әйелім Анаргүл келіспеді. Мен тірі тұрғанда әкелмейсің деді. Сол үшін мен үйден кеттім. Қазір Жанармен жақсы тұрып жатырмын. Сонымен тұрғым келеді. Балаларымнан бас тартпаймын. Оларды жақсы көремін. Бірақ бірінші отбасыма бармаймын", - деді Жансейіт. 

Бүгінде Жансейітпен бірге тұрып жатқан Жанар жүкті. Алайда Жансейіттің туыстары оның Жансейіттің баласы екеніне сенбейді. 

Жансейіттің бірінші жары Анаргүлдің айтуынша, Жанар балаларына небір хаттар жіберіп, жүрегін ауыртқан. 

"Сенің інің өмірге келеді. Сенің әкең енді бізбен бірге. Әкең сенің ұсқынсыз анаңа қарамайды. Ол енді бізбен бірге" деп менің қызымның телефонына жазыпты. Қызым жылады. Оған бірнәрсе болса, кім жауап берер еді?", - деді анасы. 

Ал Жансейіт бұл жайттан хабарсыз болып шықты. 

"Мен бұны білмейді екенмін. Өзім шок болып таңғалып тұрмын. Жанар олай жазды деп ойламаппын", - деді әкесі. 

Анаргүлдің айтуынша, Жанар бұдан да сорақы суреттерді жіберіп отырған. 

"Екеуінің сүйісіп жатқанын да, төсекте жатқан, басқа суреттерді де жіберіп жүрді. Оның бәрі менде сақтаулы. Айтпаған нәрсені жазды. Сен Жансейітке мүгедек балалар туып бергенсің деді", - деді Анаргүл.

Бағдарлама барысында Жансейіттің туған қарындасы Жанарға жұдырық ала жүгірді. Ал Жансейіт ол үшін қарындасын ұрып жіберді. Осыдан соң анаса да, әпкесі де, қарындасы да, әйелі де одан бас тартты. 

"Бізде енді сендей бауыр жоқ. Сенен бас тартамыз. Анамыз сендей бала туған жоқ. Сені өмірінен сызып тастайды. Анаңның разылығын алмай бақытты боламын деп жүрсің бе?", - деді туыстары. 

Қалай дегенмен Жансейіт Жанардан бас тартпайтынын айтты. Тіпті өз туыстарымен араласпаса да, Жанардың соңынан кететінін анық жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр