"Сізде бәрі жақсы болғанын қалаймын": Жас жігіт сотта ағасын өлтірген әйелді құшақтап жылады (видео)
Полицияның бұрынғы қызметкері көршісінің пәтерін өзінің үйімен шатастырып, жігітті атып өлтірді. Әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Эмбер Гайердің сөзінше, ол көршісінің пәтерін өз пәтерімен шатастырып алған. Қараңғыда көршісін танымай, оны ұры деп ойлапты. Алқабилер әйелдің сөзіне сенбеді. Сот отырысы 7 күнге созылды. Эмбер Гайер өз кінәсін мойындады.
Марқұм Джин Ботом кариб аралы Сент-Люссияның тумасы. Pricewaterhouse Coopers (PwC) компаниясында жұмыс істеген. Прокурор бұл жағдайды абайсызда болған кісі өлімі деп санап, іс қозғағысы келгенде оның пікірімен келіспеушілер саны арта түсті. Нәтижесінде прокурор Джин Ботом балмұздақ жеп отырған кезде Эмбер Гайердің пәтерге кіріп келіп оқ жаудырғанын айтты.
Көршісін өлтіріп қойған әйел полицияда 4 жыл қызмет еткен. Сот үкімі шыққанда әйел сөз сөйлеп, ақталған жоқ. Марқұмның туған-туыстары мен жақындары сот залында оның жақсы адам болғанын айтып, еріксіз жылады.
"Біз сондай керемет ұлдан қалай ғана айырылып қалдық? Ол адал өмір сүруге тырысқан еді. Құдайды жақсы көрді, барлығын жақсы көрді", — деп жылады Ботомның әкесі Бертрам.
Марқұмның бауыры Брандт Ботомның тергеу жұмыстары кезінде көңілі босап кетті. Брандт Гайгерге оны "адам ретінде жақсы көретінін" айтып, құшақтады.
"Егер сен шыныменде өкінсең, мен сені кешіремін. Сенің түрмеде отырғаныңды қаламаймын, сені адам ретінде жақсы көремін, жағдайың жаман болғанын қаламаймын", — деді ол. Осыдан кейін екеуі бір-бірін жібермей, ұзақ құшақтасып тұрды.
Марқұмның бауыры айтқан сөздер видеоға түсіп, желіде желдей есті. Twitter желісінде қызу талқыланды. Адамдар қылмыскермен құшақтасудың қажеті бар немесе жоғын сөз етті. Forgiveness - кешіру дегенді білдіретін сөз хештег ретінде 11 мыңнан аса қолданды.
12 адам Эмбер Грейді кінәлі деп тапты. Басында оны 99 жылға соттау көзделді.