"Сені қуантқым келеді": Бейтаныс қызбен түскен суретін жариялаған Димаш тыңдармандарын қызықтырып қойды
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында бейтаныс қызбен түскен суретін жариялап, жанкүйерлерін қызықтырып қойды.
Суретте Димаш бейтаныс қызбен қол ұстасып тұр.
"Баршаңызға сәтті күндер болсын. Мен сені қуантқым келеді, күт" - деп жазды миллиондардың сүйіктісі парақшасында.
Әншінің жазылушылары фотосуретке белсенді түрде пікір жаза бастады және фото суреттегі қыздың кім екені туралы өз болжамын жаза бастады.
"Бұл жұмбақ жан кім, шын мәнінде оның әйелі ме?", "Димаш тағы да бізді қызықтырып отыр", "Димаш, бізді қорқытпашы", - деп жазды әншінің жанкүйерлері.
Сондай-ақ, Құдайбергеннің жазылушылары бұл шығармашылық тандем және жақын арада әнші жаңа ән мен бейнебаян ұсынады деп болжап жатыр
Димаш Құдайберген 26 жаста, Ол әлеуметтік желідегі жеке өмірі туралы ашық айтпайды және қыздармен бірге түскен суреттерін жарияламайды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн