Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сені де, ұлыңды да зорлап, өлтіреді: сотталушының туыстары абайлық баланың анасын қорқытты

Жоғарғы сынып оқушыларынан зорлық көрген абайлық баланың анасы ұлын зорлаған адамдардың бәрінің жазаға тартылмағанын айтып өтті. Енді, ол бүгінде ештеңе болмағандай сабаққа барып жүрген, қалған 3 жасөспірім тағы да басқаларға жәбір көрсете ме деп қорқады. Сол себептен, ол прокуратураға арыз жазып, бұл оқиғаға қатысқан қалған үш жасөспірімге қатысты шаралар қолдануын сұрамақшы.

Сені де, ұлыңды да зорлап, өлтіреді: сотталушының туыстары абайлық баланың анасын қорқытты

Бұл туралы абайлық баланың анасы esquire.kz-ке берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Менің өзім де Абай ауылынанмын. Негізінен осындай жағдайлардың бәріне үлкендер кінәлі. Бірақ, бұл балалар жасаған қылмысы үшін жауап беретінін түсінуі керек. Егер түсінбесе, онда одан әрі қылмыс жасай беретін болады»,-дейді зорланған баланың анасы.

Оның сөзінше, ұлына қиянат жасаған жасөспірімдер мектептегі ең әлісіз баланы тауып, қорлаған. Олар бұл баланың жанында әжесінен басқа қорғайтын ешкімі жоқ болғанын білген дейді.

«Абай ауылында бәрі сол уақытта менің ұлымның жанында анасының да, әкесінің де жоқ екенін біліп, оны әлсіз деп санаған. Олардың да ата-аналары бізді менсінбей қараған соң, балалары: оны қорғайтын ешкім жоқ, онда бұл балаға ойға келгеннің бәрін жасай беруге болады деп ойлаған. Ата-аналары да мені оларға қарсы тұра алмайтын, әлсіз адам деп ойлады»,- дейді ана.

Ал ұлын бағамын деп қалада жұмыс істеп жүрген ана ауылға келгенде сыртқа көп шықпағандықтан, оны көбісі біле бермеген. Үйіне келген сайын тек баласымен ғана уақыт өткізетіндіктен, елмен араласуға қызықпаған екен.

Сондай-ақ, ұлын қорлағандарға қатысты үкім шығарылған күні сотталушының отбасы оған қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді.

«Сот үкім шығарғаннан кейін журналистер шешіммен келетінім-келіспейтінім жайлы сұрай бастады. Мен әрине, келісетінімді айттым. Әйтеуір Қазақстанда күші бар заң бар екен ғой дедім. Ал үкім шығарылғанда сотталушы жақ ашпады. Бірақ, оның анасы шу шығарып, ағайы тіпті: «Ол түрмеден шыққаннан кейін сені де, ұлыңды да зорлап, өлтіреді. 7 жыл тез-ақ өтіп кетеді» деп қорқытты»,- дейді абайлық баланың анасы.

7 жасар бала зорланды деген оқиға бүкіл елге белгілі болғанда, біреулер балаға қалай қиын болғанын түсініп, мықты болуға қолдау көрсетіп жатса, екіншілері мұндай дауға айналдырмау керек еді деп сөккен.

«Сот үкімі шыққаннан кейін біздің пәтеріміздің есік-терезін қиратып кетті. Біз бұны әлгі балалардың ата-аналары жасағанын білеміз. Олар төртеу: көршілеріміздің екі ағайынды балалары және әртүрлі отбасының екі баласы»,- дейді абайлық баланың анасы.

Айта кетейік, қаңтар айының басында Шымкентте Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорлану оқиғасына қатысты сот шешімі шыққан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Қаңтар, 2019 12:28
Талқылау