AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сендер уақытша әйелсіңдер" Айгүл Елшібаева хор қызы туралы уағыз айтқандарды сынап тастады (видео)

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хор қыздары жайлы уағыз айтқан әйелді сынға алды. Әнші хадистерден үзінді келтіріп, кейбір уағызшылардың көпті адастырып жүргенін айтты. 

"Жаннатта нәпсі жоқ дейтін, бұлар хор қызына елітіп, еркекті ырықсыз шаба беретін нәпсісіне ие болмаған жануарларға теңестіруін қойса екен. Хор қызы қызметшілері болса, қызметші мен әйел деген екі мағына еді. Жұмақты гарем қылуды вахабист-салафит қатындар қойсаңдаршы.

Хор қызына мастанып отырғанда, әйелің келді дегенде мыжырайған кемпірі елестетсе, хор қызынан да сұлу болып екінші рет ғашық болады деп молдадан естігенбіз. Дін иман үшін нәпсіңмен күрес болса, сендер нәпсінің құлдарын құлшындыратын, жалғасы жұмақта жалғасады деген уағыздарыңды қойсаңдаршы.

Хор қыздары құранда бар екені анық, бірақ Пейіштің хор қыздары бөлек жаратылыс емес.Осы дүниеден Жанатқа барған қыздар мен әйелдер. Көп ғалымдар хор қыздар өзінің дүниадағы əйелін болады деп айтқан. Алла тағала оларды басқаша форматпен жаратады. Хор сөзі біз үшін бөтен болғасын Алланың басқа жаратылысы деп ойлаймыз. Хор сөздің мағанасы жаннатағы әйелдердің бір сипаты.

Жәннатта әр еркекке 70 хор қыз беріледі деген сөздің негізі жоқ. Бұл жөнінде сахих хадистер келмеген. Имам Бухаридың сахих жинағындағы Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте "әрбір жәннат иесіне екі хор қызы беріледі" делінген. Неші жыл бұрын әлеуметтік желіде Абдулахад Сманов есімді азаматтың "хор қыздары" туралы айтқан уағызы бар.

Жұмаққа әйелімен кірген әр еркекке 4900 хор қызы беріледі" деп елді дүрліктірген еді. Енді Смановтын медресесінің шыққан шәкірттері әр еркекке 70 хор қызы беріледі депті. Бұлар пейіштің хор қыздарына жеңгетайлық жасап дүниелік пайда табу.

Бұндай əлсіз хадистерді радикалды уаххабилер елді жыныстық жихад және жалған жихадқа шақыру үшін пайдаланады", - деп жазды Айгүл Елшібаева.

"Ана өмірде 70 әйелге қалай шамамыз келеді. Қой құрсын, ана өмірде де өз әйеліңмен болған қандай жақсы", - деп жазды әнші Асхат Тарғын.

"Жетпіс әйелге барамын деп өліп жүрмесін жұрттар. Көзі жайнап барып келгендей сайрайды екен. Алла адасудан сақта! Алла сенің жолыңмен жүремін деп артық кеткендерді түзеп, елді адастыра көрме! Ең жаманы фанатизм", деп жазды блогер Мөлдір Анарбаева.

"Гүлвира ұстаз діни сауатты. Өз сөзіне жауап бере алады, артық сөйлемейік", - деді кейбір желі қолданушылары. 



Алматы қаласының имамы Еркінбек Шоқай әлеуметтік желіде уағыздарының бірінде жәннаттағы хор қыздары туралы сөз етеді. 

"Жәннаттағы хор қыздары туралы Құранда айтылған. Ол бар нәрсе. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жұбайы Сәлима анамыз хор қыздары туралы сұрағаны руаяттарда келтіреледі. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады. Хор қыздары жәнатта болады. Олардың көзі үлкен, кірпіктері ұзын. Кірпігінің ұзындығы сонша, бүркіттің қанатынан үлкен бе дерсің деген. Яғни, кірпігінің ұзындығын, әсемдігін сипаттағаны. Өздері жіңішке болады. Жұмыртқаның ішінде жіңішке қабықшадай деп сипаттайды. Қай заманда болсын толық әйелдер сұлулықтың сипаты саналмаған. Бұл жерде де сондай. Хор қыздары аппақ, сұлу болады делінген. Салима анамыз егер "бұл дүниеде бір әйелдің 2-3 күйеуі болса, жәнатта солардың қайсысымен бірге болады?" деп те сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірнеше күйеуі болған әйел де, оның күеулері де жәнатқа барса, онда әйелдің қалауы болады. Әйел кімді қаласа, сонымен бірге болады. Бұл жерде күйеулерімен бірге жәнатқа баратын әйелдер туралы айтылып тұр. Бұл дүниедегі әйелдер хор қыздарынан да сұлу болады, хор қыздарынан да артық болады. Бұл дүниедегі әйелдердің оқыған намазы, ұстаған оразасы, құлшылығы үшін Алла осындай нығмет береді. Олар қартайып өлсе де, жәнатта ерекше сұлу және бірдей жаста тіріледі. Бұл дүниедегі әйелдер киімнің сырты, хор қыздары киімнің іші секілді болады дейді. Яғни, жәнатқа барған әйелдердің әсемдігі туралы айтылып тұр. Оны көрген адам ғашық болады. Ер адамдар да жәнатта кімді қаласа, сонымен бірге болады деген. Себебі, жәнатқа барған адамның қалауы болады", - дейді Еркінбек Шоқай.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр