Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенаттың бұрынғы депутаты жаңа қызметке тағайындалды

Сенаттың бұрынғы депутаты Михаил Бортник республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Конституцияның 57-бабының 1-тармақшасына сәйкес парламент палаталарының әрқайсысы есеп комитетінің үш мүшесін бес жылдық мерзімге тағайындайды. Конституцияның 58-бабының 7-тармағы мен есеп комитетінің мүшелігіне Михаил Бортниктің кандидатурасын ұсынамын. Михаил Бортникт республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі етіп тағайындалды", - деді жалпы отырыста мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс депутаттары оның кандидатурасы үшін бірауыздан дауыс берді.

Михаил Бортник 2008-2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысынан сенат депутаты болды.

Ол өзінің жұмыс тәжірибесін 1982-1985 жылдары Шевченко қаласындағы пластмасса зауытында техникалық жабдықтарды жөндеуші болып бастаған. Ол пластмасса зауытының комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. Қазақстан комсомолы Шевченко қалалық комитетінің бірінші хатшысы болды. Сонымен қатар ол жылу беру бөлімінің бастығы, пластмасса зауыты бас энергетигінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1998-1999 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды. 1999-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр