Сенатор толық емес отбасылар үшін ипотека пайызын төмендетуді ұсынды
Парламенттегі Үкімет сағатында сенатор Серік Шайдаров толық емес отбасылар үшін ипотека пайызын төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Депутат Серік Шайдаровтың айтуынша, толық емес отбасы санаты 2%-дық жылдық ипотеканы көздейтін "Бақытты отбасы" бағдарламасынан шығарылды. Өйткені еңбек министрлігі жалған ажырасудың көбейіп кеткенін анықтады. 2019 жылы ажырасу 27 400 болса, 2020 жылы 59 800-ге дейін болды. Толық емес отбасылар әкімдіктер желісі бойынша жылдық 5% -бен кредиттік тұрғын үй сатып ала алады.
“Енді толық емес отбасылар жылдық 5%-бен баспана сатып алуға мүмкіндігі бар, бірақ бұл оларға тиімсіз. Бүгінде 148 мыңнан астам толық емес отбасы тұрғын үйге мұқтаж екенін түсіну керек, оның 60%-ының табысы күнкөріс деңгейінен төмен", – деп атап өтті Шайдаров.
Оның айтуынша, толық емес отбасылардың көпшілігіне бұл пайыз үлкен.
"Уәкілетті мемлекеттік органдар бұл мәселені жан-жақты зерделеп, халықтың осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларға өзгерістер енгізуі тиіс деп ойлаймын. Толық емес отбасылар үшін жылдық 2%- бен кредиттік тұрғын үй беруді ұсынамын", – деді сенатор.
Оның айтуынша, тұрғын үй кезектерінде әлі де 88 ҰОС ардагері тұр, олардың көпшілігі жақында 100-ге келеді .
"2015 жылы барлық ардагерлер баспана алды деп айтылды. Алайда жедел шарасыз оларға үй жоқ", – деп атап өтті депутат.