AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылады: Қала әкімі көпбалалы аналармен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев көпбалалы аналармен кездесіп, бірнеше мәселені қозғады. Атап айтқанда, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматыдағы мектептердің бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар жылы аясында көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс. Талқылау барысында мектепке дейінгі сапалы және орта білім алуға, медициналық қызметтерге, жеңілдетілген ипотекалық несиелендіруге қолжеткізу, көпбалалы отбасылармен және ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырудың тиімділігі мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету тақырыбы да қозғалды.

“Балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету үшін білім басқармасы рациондар мен оған кететін шығындарды есептеу жұмыстарын жүргізуде. Ал қаржыландыру мәселесі 4 наурызда мәслихатта қаралатын болады”, – деді Ерболат Досаев.

Жиында оқушылар орындарының жетіспеушілігі мен балабақшаларға кезек тақырыптары көтерілді. Бүгінде қала мектептеріне 19 611 орын және балабақшаларда 41 080 орын жетіспейді. Бала туудың жоғарғы көрсеткіші мен мегаполиске белсенді көшіп келу салдарынан қаладағы бала санының өсімі 8 мыңнан 15 мыңға дейін артқан. 

Әкім сонымен қатар биылғы жылы мектептерде 15 461 орынға және балабақшаларда 39 520 орынға дейін тапшылықты төмендету күтілетінін атап өтті. 

"Балабақшалар мен мектептерде балаларды оңалту, емдеу, инклюзивті қолдау – бұл әкімдіктің әлеуметтік блок басқармалары жұмысының негізгі міндеттері. Балаларды инклюзивті дамытудың ағымдағы бағдарламасы қайта қаралатын болады, сондықтан мен осы жұмысқа қаланың мүдделі қоғамдық қорлары мен ҮЕҰ белсенді қатысуға шақырамын", – деп атап өтті мегаполис басшысы.

2,5 сағат өткен кездесуде қатысушылардың  ұсыныстары мен ескертулері тыңдалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр