Сенатор ауылдағы балаларды мектепке қайтаруды сұрады

Сенатор Алтынбек Нухұлы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға сауал жолдап, ауыл мектептерінің ашылуына рұқсат беруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутатты ауыл мектептерінің оқушылары үшін қашықтықтан оқыту мәселесі алаңдатады. Ол мұндай мектептер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, сақтық шараларын сақтай отырып, тұрақты режимге ауыса алатынын айтты.

"Корановирустық пандемия интернеттегі сигналдың әлсіз екенін және үлкен трафикке төтеп бере алмайтындығын көрсетті. Бұл оқушылардың ақпараттық және компьютерлік сауаттылықтың сапасы мен деңгейі туралы сұрақ туғызып отыр. Ауылдық жерлерде білім беру сапасын арттыру үшін 181-ден 600 адамға дейінгі контингенті бар ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің жұмысына кезең-кезеңмен рұқсат беру туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізу қажет", - деді Алтынбек Нухұлы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр