Сенатор ауыл шаруашылығы техникасы үшін утильдік алымды жоюды ұсынды
Бүгінігі cенаттың жалпы отырысында депутат Әли Бектаев премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында Ауылшаруашылығы техникаларын пайдалану, өндіру мен жеткізуге қатысты біршама проблемаларды көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сенат
Сенатордың айтуынша елдегі ауылшаруашылығы техникаларының орта есеппен 76%-ы тозған.
“Қолдағы бар 150 мың трактордың 95 мыңы, 38 700 комбайнның 23 мыңы 16 жылдан астам пайдаланылып келеді. Қазақстанда нороматив бойынша ір гектарға 5 трактьор мен 3 комьбайн қажеттігін ескерсек, қазір 65 трактор, 43 мың комбайн жетіспейді. Ауылшаруашылығы техникаларын жыл сайынғы жаңарту көрсеткіші тек 4,5% болып отыр. Дәл осы қарқынмен жүрcек, жоғарыдағы техникалардың қажеттігін толтыру үшін 14-15 жыл уақыт керек, – деді депутат.
Ол өз сауалында осы олқылықтың орнын толтыру үшін біріншіден, мемлекет басшысының ауылшарушылығы техникаларын жаңарту деңгейін 10% ұлғайту үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын, оған қажет қаражат бөлу механизмдері туралы сұрады.
“Қытайдан келетін техникалардың бағасы отандық зауыттар шығаратын техникалардан екі есе арзан. Оның себебі біздің зауыттар үшін қажет құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің басым бөлігі шетелден келеді. Сол себепті олардың құны жоғарыда айтқанымдай қымбатқа шығып отыр. Сондықтан қытай тракторларын елде шығаруды қарастыру керек шығар. Шығармаған күнде де кедендік және кедендік емес кедергілер мен түрлі үстемақыларды алып тастаса, сол техникаларды елімізге екі есе арзан бағамен алып келуге болады, – деді сенатор.
Сонымен қатар ол халықты кейінгі кезде алаңдатып жүрген кәдеге жарату алымы туралы айтты. Оның айтуынша, 2024 жылғы жағдай бойынша кәдеге жарату алымы көлемі бір трактор үшін 370 мыңнан басталып, 7 млн 380 мың теңгеге дейін барады. Оны төлеуге шамасы келмеген орта және шағын шаруашылықтар кейінгі кезде жаңа техника сатып алуды тоқтатқан.
“Тағы бір мәселе кейінгі кезде халықты алаңдатып, наразылығын тудырып, жауыр болған мәселе – кәдеге жарату алымы. Ескі техникамен егін егіп, астық жинауға мәжбүр. Жарамсыз техниканы металломға өткізіп күн көреді. Бұл жерде ескі техниканы алып, кәдеге жаратып, артынан жойып жатқан да –шаруаның өзі.
Сонда негізігі оператор болып қаржы жинап отырған "Жасыл даму" мекемесінің үлесі неде? Жаңа техника үшін ескірмей жатып кәдеге жарату төлемін алу ешқандай логикаға сыймайтын нәрсе емес пе? Тәпті, техника шығаратын кәсіпорындардан алдын ала кәдеге жарату алымын төлеттіріп, артынан субсидия ретінде қайтарып беруді қалай түсінуге болады. Мемлекеттің бір қалтасынан алып, екінші қалтасына салудың орнына экологиялық міндеттемелердің барлығын кәсіпорындардың мойнына жүктеп кәдеге жарату алымынынан толық босатуға болмай ма? Жалпы ауылшаруашылығы техникалары үшін кәдеге жарату алымын алып тастаса, одан мемлекет ұтпаса, ұтылмайды, – деді cенатор үкімет басшысына жолдаған сауалында.