Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенатор Алексей Пушков АҚШ-тың Қазақстанды Ресейден алыстату жоспары жайлы айтты

Сенатор Алексей Пушков "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байден посткеңестік республикаларды Ресейден алыстату үшін тырысып бағуда деген болжам айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның пікірінше, Беларусь, Өзбекстан, Армения және Қазақстан Америка Құрама Штаттарының назарында болады.

"Бұл жол біз үшін үлкен сынақ, 2014 жылға дейін Еуропа картасында болған тактиканы өзгертеді, біздің одақтастарымыз болып табылатын елдерде ықпалымызды сақтау бойынша сапалы жаңа мәселе қойып отыр", - деп атап өтті Пушков.

Сенатор сонымен бірге Вашингтон Киевпен әскери ынтымақтастықты күшейте алады деп санайды. Атап айтқанда, Украина аумағында американдық әскери-теңіз базалары пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, Батыс  Ресейге шабуыл қаруын беріп жіберуі мүмкін. 

"Вашингтон Киевті Батыс әскери құрылымдарына белсенді түрде енгізіп, оны НАТО-ның бейресми мүшесіне айналдыруға тырысады", - деді ол.

Пушков Байденнің Ресеймен бәсекелестікті посткеңестік кеңістікке көшіру әрекеті АҚШ-пен қарым-қатынасты нашарлатудың жаңа факторы болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр