"Анасын қатты жақсы көреді": Әшімбаев Назаровтың әрекетіне пікір білдірді
Фото: видеодан скрин
Журналистер сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан анасын жалпы отырыс барысында құттықтаған мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың іс-әрекеті қаншалықты орынды деп сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спикер мәжіліс депутаттарының айтқандарына өзінің түсінік беруі "дұрыс емес" болады деп мәлімдеді.
Журналист сенатта бұлай болуы мүмкін бе деп сұрады.
"Егер сенаторлардың бірі анасын қатты жақсы көрсе, мүмкін, бірақ әзірге ондай жағдай болған жоқ", – деп жауап берді Әшімбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Ардақ Назаров мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтаған еді.
Талқылау

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі-сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
Сіңлім “Нұрсұлтан танысып қой, бұл Нұрсұлтан” деп таныстырды

Әлеуметтік желілерге тыйым салынуы, премьердің отставкасы: Непалда "Z ұрпақ" үкіметті не себепті құлатты
Саясаттанушы наразылықтың "Z ұрпақ төңкерісі” деп аталу себебін түсіндірді