AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат кибербуллинг туралы заң жобасын қабылдамай, кері қайтарды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екі оқылымда қаралды. Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қаралып отырған заң жобасы, енгізілген құқықтық ережелер мен нормалардың негіздемесі, бүгінгі күннің қажеттіліктерінен және елдің келешектегі даму міндеттерінен туындап отырғаны белгілі. Жалпы, Заң жобасын қабылдаудан келесі нәтижелер, атап айтқанда, баланың құқықтарын қорғау саласындағы тиімді құқықтық негізді қалыптастыру және заңнаманы жетілдіру, балаларды оларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңістік салаларында қорғау тетіктерін іске асыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарын ерте анықтау әрі ерте арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, жоғары оқу орындарының білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру, сондай-ақ олимпиада жеңімпаздары – дарынды балалар мен олардың педагогтарын қолдау күтіледі",  – деді сенатор Динар Нөкетаева.

Бүгін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғаннан кейін комитеттің кеңейтілген отырысында Сенаттың тұрақты комитеттерінен, Сенат Аппаратынан және қоғам тарапынан келіп түскен бірқатар ескертулер мен ұсыныстар жан-жақты талқыланды.

Осы орайда заң жобасына өзгерістер мен толықтыруды Парламентінің Мәжілісіне жіберуді туралы шешім қабылданды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы қоғамда белсенді түрде талқыланғанын атап өтті.

Балаларды қорғау туралы нормаларды іске асыру жөнінде азаматтық белсенділер түрлі ұсыныстар мен пайымдарды айтқан болатын.

Сондықтан сенаторлар заң жобасында ұсынылған ережелерді мұқият зерделеді және келіп түскен өтініштерді ескере отырып, оның бірқатар баптарын қайта қарауды ұсынды.

"Сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қолжетімділігін шектеуге не жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеттіктерді алып тастады. Соған сәйкес онлайн-платформалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл кезінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға мән берілді. Мұндай тәртіп балаларға қатысты кибербуллинг фактілеріне жедел назар аудару мен қоғамның ақпаратқа деген сұранысы арасындағы теңгерімді ортаны табуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Біздіңше, мұндай қадам "Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасына және Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мазмұнына сай келеді", – деді Мәулен Әшімбаев.

Осылайша, сенаторлардың ұсынысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндігі болмайды.

Тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға болады.

Балаларға қатысты кибербуллинг қандай болмақ, өзгесі қандай болады, сенаторлар оны мемлекеттік органға емес, арнайы құрылған сарапшылар тобына шешуді ұсынды.

Осылайша, заң жобасының осы және басқа да бірқатар өзгерістері Мәжіліс депутаттарының қарауына жіберілді.

Осыған дейін шетелдік әлеуметтік желілердің ресми өкілдіктерін Қазақстанда міндетті түрде ашу туралы норма да жойылған болатын.


Буллинг дегеніміз не және одан баланы қалай қорғай аламыз? Психолог кеңес берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр