Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқайсысы кепілдік бермейді": Депутат ҰБТ-ға дайындайтын жеке орталықтарды сынға алды

Сенат депутаты Қазақстандағы білім беру және репетиторлық қызметті заңдық тұрғыда реттеу керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz/Ғалиасқар Сарыбаев

Сенат депутат Ғалиасқар Сарыбаев Қазақстанда соңғы жылдары ҰБТ-ға, Назарбаев зияткерлік мектебі, Білім инновация лицейлеріне түсу емтихандарына дайындайтын жеке орталықтардың көбейіп кеткенін айтып депутаттық сауал жолдады. 

Депутаттың айтуынша, ондай орталықтардың барлығы қазір жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп жұмыс істейді. Әр баланы қосымша дайындағаны үшін ақы алады. Сөйте тұра білім беру мекемелерінің өзге де органдардың бақылауына жатпайды. Сондықтан ондағы қызметкерлердің қандай стандартпен жұмыс істеп жатқаны, мұғалімдердің біліктілік деңгейі белгісіз.

Депутаттық сауалда аталмыш қызметті мемлекет тарапынан реттейтін кез келгені айтылған. Депутат ол ұйымдардағы оқушылардың санитарлық жағдайы, топтағы балалардың саны, шәкірттердің қауіпсіздігі де назардан тыс қалмауы керектігін баса айтты.

“Ең өкініштісі, ҰБТ орталықтарының ешқайсысы нәтижеге кепілдік бермейді. Иә, репетиторлық қызмет көрсету нарығы болуы қажет. Алайда конституцияға сәйкес балалардың қауіпсіздігіне, біліміне, денсаулығына мемлекет кепілдік беруі керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жеке репетиторлық қызметті реттеудің құқықтық негіздемелерін әзірлеуді сұраймын”, – деді сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев.

Талқылау