Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100% көтеру уәде етілгенімен, орындалмаған": Депутат қазақстандық кейбір қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Сенат отырысында депутат Ольга Булавкина премьер-министр Олжас Абайұлына сауал жолдап, қиын жағдайда өмірін қыл үстінен қойған жұмысшылардың еңбегі лайық бағаланбай жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат отырысынан скриншот

Сенатордың сөзінше, депутаттық сауалға Абай облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі салалық кәсіподақ өкілдерінің қызметкерлердің жалақысын көтеру және әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы арызы себеп болған. 

“2023 жылғы 1 шілдеден олардың жалақысын 100% көтеру уәде етілгенімен, уәде орындалмаған. Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, орман күзеті инспекторларының орташа жалақысы 165 мың теңге болды. Бұл – 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда 16% ғана көп”, – дейді сенатор. 



Сонымен қатар ол қорықшылардың айлығы – 24%, орман шаруашылығы басшыларының жалақысы – 21%, орман шаруашылығы жетекшілерінікі – 12% ғана көтерілгенін айтты. 

"Бәріміз Бородолиха ауданындағы қайғылы жағдайды білеміз. Сол кезде дәл осы жұмысшылар орман өртімен күресуге жіберілді, қаза тапқандар да болды. Еңбек адамының жұмысына мемлекеттік органдардың жауапсыз қарауы үлкен орман алқаптарын аман алып қалып жатқандарды қиын жағдайда қалдырады”, – деп атап өтті ол. 

Айта кетейік, Абай ауданындағы орман өрті кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрамгүл Жиенбаева қайғылы оқиғаның алдында қызметінен кеткісі келген.

Талқылау