Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат алдағы үш жылға арналған бюджет жобасын мәжіліске қайтарып, Ұлттық қордан трансферт алу жөніндегі заңды қабылдады

21 қарашада сенаттың жалпы отырысында депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы заңды мәжіліске қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ақша сток

Фото: pixabay.соm

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы республикалық бюджеттің кірісі 15,6 триллион теңге, 2026 жылы 16,7 триллион теңге, 2027 жылы 18,2 триллион теңге болады деп болжанған. 2025 жылғы республикалық бюджет кірістерінде ең үлкен үлесті салмақ (97,2 %) салық түсімдеріне тиесілі.

Сонымен қатар алдағы үш жыл Ұлттық қордан жыл сайын 2 триллион теңге көлемінде трансферт алу жоспарланған. Сонымен қатар мұнай секторындағы кәсіпорындар есебінен Ұлттық қорға 2025 жылы 4,8 триллион теңге түседі деп жоспарланып отыр. Үш жылдық бюджет шеңберінде мемлекеттік шығындар көлемі 8,2 триллион теңге болады делінген. 

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов заңды талқылау барысында сенат комитеттері мен депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, 2025 жылғы шығыстарды 60 миллиард теңгеге ұлғайту қолдау тапқанын атап өтті. Бұл қаражат өңірлік дамуға, сумен жабдықтау және су бұру проблемаларын шешуге, "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасын іске асыруға, сондай-ақ басқа да бағыттарға арналған.

“Шығыстарды ұлғайтуды қаржыландыру үкімет резерві есебінен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар арасында қаражат қайта бөлінді, сондай-ақ депутаттардың басқа да ұсыныстары қолдау тапты. Сенат комитеттері мен депутаттарының барлық ескертуі мен ұсыныстары салыстырма кестеге жинақталды”, – деді ол өз баяндамасында.  

Заңға сәйкес алдағы үш жылда келесі бағыттар бойынша қаржы жұмсалады деп көзделген: 

  • сумен жабдықтауға және су бұруға жалпы сомасы 137 млрд теңге, оның ішінде 2025 жылға 110 млрд теңге, бұл сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың қолжетімдігін қалаларда 99,6%, ауылдарда 98%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді; 
  • газ тасымалдау жүйесін дамытуға жалпы сомасы 93 млрд теңгеге, оның ішінде 2025 жылға 66 млрд теңге, бұл газдандыру деңгейін 62%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді;
  • жылу, электр энергетикасын дамытуға жалпы сомасы 82 млрд теңге, оның ішінде 2025 жылға 70 млрд теңге;
  • инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жалпы сомасы 234 млрд теңге, оның ішінде 2025 жылға 168 млрд теңге;
  • көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы сомасы 1,7 трлн теңге, оның ішінде 2025 жылға 1,1 трлн теңге. 

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бюджет жайлы заңды мәжіліске қайтарды. Дегенмен Ұлттық қордан трансферт алу жөніндегі заңды президенттің қол қоюына жіберді. 

Талқылау