Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сен сияқты сұмырайға сатпаймын": Белгілі актер сатушының қаҺарына ұшыраған

Белгілі актер Серік Шәріп сатушының қаҺарына ұшырағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Ана жүрегі" телехикаясында жағымсыз рөлді сомдаған актер, туынды экраннан шыққаннан кейін дүкенде сатушымен жанжалдасып қалғанын айтты. Телехикаядан әсерленгені соншалық дүкенші актерге қажет нәрсесін сатпай, дүкенінен қуып шыққан. 

"Бір күні дүкенге барғанмын. Сонда сатушы маған ала көзімен қарап тұр. Мен апай, маған ананы бересіз бе, мынаны бересіз бе деп келіп тұрмын. "Қай бетіңмен келіп тұрсың, ұятың жоқ, жерді қалай басып жүрсің, кет бар көзіме көрінбей" дейді. Тәте, мен сізге не істедім деп түсінбей қалдым", - дейді Серік Шәріп.

Бастапқыда аң-таң болып, түсінбей қалған ол артынша дүкендегі теледидарды байқап қалған. Сөйтсе, келіншек телехикаяны көріп, қатты әсерленген екен. Екі түрлі ойда болған Серік Шәріп бұл еңбектің ақталғаны деп білемін дейді.

"Сөйтсем, дүкенде кішкентай теледидар бар екен. Содан телехикаямды көріп жүр екен. "Сен сияқты сұмырайға сатпаймын. Ананың жүрісі ол, бірі ауруханада жатыр, сатқын" деп көзіне қан құйылып кеткен. Мен екі жағдайда тұрмын. Бір жағынан қуандым, екінші жағынан шеберлігіммен сендіре білдім деп ойладым", - дейді Серік Шәріп.

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Жанар Хамитованың өлімінен кейін есеңгіреп қалған ақын қыз арнауын жазды

Берлібаева Азиза: "Біреу келіп түсімнен оятып жіберсе екен"

Жас қыз антибиотик қабылдағаннан кейін қаны көк түске өзгеріп кеткен

Ол әлсіреп, тыныс алуы қиындағанын сезіп, терісінің түсі өзгергенін байқаған
Çàãðóçêà...