"Семіріп кеткесін сыймай қалды": Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына костюмін сыйлады
Танымал әнші Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына сахналық костюмін сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі Ақтөбе өңіріне гастролдік сапармен барды. Сол кезде әнші сахналық киімін мүгедектігі бар балаға сыйлады.
“Мына жерден қатты ыстықтап кеттім. Бір жағынан жасым 36-ға келгеннен кейін бе, семіре бастадым. Ішім шығып, киімдерім дұрыс киілмей жүр. Осы сыртқы киімімді мына залда отырған бауырыма сыйлағым келіп тұр”, – деді әнші.
-
"Миллион ақша салса да, елене алмай жүр": Гүлзира Айдарбекова танымалдыққа қатысты пікір білдірді
-
"Бәрі артта қалды": Қайрат Нұртастың әкесі жақсы жаңалығын бөлісті
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің жомарттығын талқылап жатыр.
“Қайрат керемет адам”, “Өнерлі жігіттің жолын берсін”, “Мүгедектігі бар адамға киім емес, ақша бер”, “Мына жігіт аяғына тұрып кетсін”, “Қандай ақкөңіл адам”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Алтын сағаттарын сыйлап кететін" деп Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың мәрттігін көпке үлгі етті.