"Семейный капитал" қаржы пирамидасының салымшылары 450 млн теңгесінен айырылды
"Семейный капитал" қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан, оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген.
Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған.
Осылайша, аталған азамат жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.
“Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады”, – делінген хабарламада.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ