Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік бойжеткен халықаралық сән және дарын байқауын жеңіп алды

Семейлік Данара Бекмұрзаева “Young Miss World Beauty 2017” байқауын жеңіп алды. Ауқымды шара Мәскеуде танымал кутурье Пьер Карденнің жетекшілігімен өтті.

Бұл туралы altaynews.kz хабарлайды.

Мәскеудің үлкен концерт залында 20-дан астам мемлекеттен ең әсем, ең дарынды жастары жиналды. “World Beauty 2017” мемлекеттер мен әлем халықтарының әсемдік, сән, дарындар байқауларының финалы болып табылады. Әділқазылар алқасының құрамына Ресей мен өзге де шет мемлекеттердің өнер, сән, эстрада мен шоу-бизнес қайраткерлері кірді. Олар қазақстандық арудың көркінің ашықтығы мен табиғи сұлулығын жақсы бағалады.

“Мен Данараның еліміздің атынан лайықты өнер көрсеткеніне ризамын”, – деді жеңімпаз арудың тәлімгері, Семей сән мектебінің директоры Айна Тоғысова.

Ал Динараның өзі байқаудың толықтай көңілінен шыққанын айтады. “Мен барлық үміткерлермен достасып үлгердім. Мен үшін бұл байқаудың маңызы зор және мен өзімнің осыған дейінгі жеңістерімнің кездейсоқ емес екенін дәлелдей алдым. Байқау жеңімпаздары Пьер Карденнің өнер фестивалі мен өзге де халықаралық жобаларға шақырту алды. Байқау жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар мен әйгілі әшекейлер үйінің қолдан жасалған тәжін сыйға тартты”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

«Заман» тобының әншісі Ерген Айтымбетов не себепті дінге бет бұрғанын ашып айтты

Дінге бет бұрған әншілер «ән айту – харам» деген пікірге қатысты жауап берді

Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты

Қазақстандық модель Қорлан Мәди италиялық азаматқа тұрмысқа шықпақ

Талқылау