Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғындары әкімдіктен бір бетпердені сыйға алды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Семей қаласы әкімдігінен әр адамға бір медициналық бетпердені сыйлыққа алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше сыйлық туралы хабарды Facebook-тегі парақшасында блогер Яков Федоров жариялады. Ер адам өзінің жалғыз тұратын анасына қалалық әкімдіктің өкілдері бір маска әкелгенін мәлімдеді.

"Анам Семейде әкімдік көктемде талқыланған азаматтардың санаттарына көмектесе бастағанын жазды. Бір бетперде әкеліп беріпті. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовке кеңпейілділігі пен қол ұшын созған көмегі үшін рақмет! Өтініш, банк картаңыздың нөмірін жазыңыз, мен сізге осындай көмек үшін 100 теңге қайтарамын. Көмек көлеміне қарағанда, әкімдікке ақша көбірек қажет", - деп жазды блогер.

Кейінірек аймақтың басқа тұрғындары да осындай көмек алғанын жаза бастады.

Қала басшылығының өкілдері бұл акцияны облыс әкімдігінің өткізіп жатқан айтты. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында барлық мұқтаждарға бір адамға бір бетпердеден берілетінін хабарлады, алайда маскалар көпреттік және отбасының барлық мүшесіне таратылатынын атап өтті.

"Иә, әр адамға бір маскадан. Көп балалы және АӘК алушыларға, отбасының барлық мүшелеріне. Көпреттік бетперделерді тегін таратып жатырмыз. Төтенше жағдай кезінде зейнеткерлер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілгендер, АӘК алушылар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалардың ата-аналары бюджеттен тыс қаражат есебінен көпреттік маскалармен қамтамасыз етілді.  Бүгінгі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен оларға көп рет қолданылатын маскалар тарату қайта басталды. Бұл санатқа 470 мың адам жатады,соның ішінде Семей қаласы бойынша 104,8 мың дана. Маскаларды тарату 7 шілдеден басталды", - деп хабарлады әкімдікте.

Талқылау