Семейге жаңа әкім тағайындалды
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл лауазымға бұрынғы әкімнің орынбасары болған Бақытжан Байахметов ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бақытжан Кәкенқажыұлы 1970 жылдың 29 тамызында бұрынғы Семей облысы, Аягөз қаласында туған.
1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992-1999 жылдары "Алтайэнерго" мекемесінде Аягөз электр торабының инженері ретінде бастап, 1999-2000 жылдары жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалады.
2000 жылы "ШҚ РЭК" жабық акционерлік қоғамның техникалық қамсыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы болып, 2000-2001 жылдары "ВК РЭК" жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері болып жұмыс істеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн