Семейдегі перзентханада әйел қолына пышақ ұстап, сондағы адамдарды қорқытқан
Семей перзентханасында әйел қолына пышақ ұстап, сол жақтың адамдарын қорқытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қолына суық қару ұстаған әйел перинаталдық орталықтың адамдарын қорқытқан.
"Екі полиция қызметкері перинаталдық орталық ғимаратының жанында 34 жастағы әйелді байқады. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды", – делінген хабарламада.
ҚК-нің 287-бабы “Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”