Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде ұйықтап кеткен анасы екі сәбиінен айырылып қалды

Жер үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабар көршілерден түскен. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның 25 шаршы метр жерді жалмап үлгергенін байқаған.

e8906da0d035f4c6d1d9a0ab5af13632_L

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Құтқарушылар үйінділер астынан 2 және 1 жастағы қос сәбидің денесін алып шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, үй ішінде анасы мен екі баласы болған. От жаққан әйел дымқыл матрацты кептірем деп пешке жақын қойған. Мұнан соң қос сәбиін ұйықтатуға кеткенде өзінің де көзі ілініп кетеді. Қою түтіннің жағымсыз исінен оянған ол бықсып жатқан матрацты далаға сүйрей жөнеледі. Алайда үйге қайта кіру мүмкін болмай қалыпты.

Қос құлынын құтқарам деп қанша оқталғанымен, онысынан нәтиже шықпады. Қолдарын жарақаттап, күйік шалады. Айқайға жүгіріп жеткен көршілер де ешқандай көмек бере алмады. Терезені шаққанымен, қызыл жалын бет қаратпай, одан сайын үдей түскен. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Басты жорамал – қарапайым ережелерді сақтамау. Бұл туралы Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлап отыр.

Жіберіп алмаңыз:

ІІМ “Синий кит” ойынының ғаламторда балаларды қалай баурап алатынын айтты

Шымкентте бұзақылар жол апатынан соң өзіне көмекке ұмтылғандарға жұдырық ала жүгірген

Атырауда 23 жастағы жігітті аяусыз тепкілеп өлтірген қылмыстың видеосы пайда болды (видео)

Талқылау