"Бір аптада үш апат болды": Семейде тұрғындар үйлеріне жылу берілмегеніне шағымданды
Семей тұрғындары жылудың жоқтығына шағымданды. Олар өз пәтерлерінде тоңып жүргендерін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Түнде температура нөлден төмен аяз, ал бірнеше үйдегі батареялардан жылу келмейді. Себебі құбырлары тозған және жылыту маусымына дайындық әлсіз. Шенеуніктер жүйені реттейтінін мәлімдеді.
10 қазаннан бастап Семейде жылыту маусымы басталды. Оң жағалауда тұратын тұрғындарға жылу берілді. Бірақ сол жағалауда бірнеше үйде жылу жоқ.
Семейлік тұрғын Сайраш Чалова электр жылытқышты қолдануға мәжбүр. Соның салдарынан жарық үшін көп қаржы төлейтінін айтады. Қыс басталмаса да, пәтер адам төзгісіз суық дейді. Ауырып қалмас үшін олар үйде жылы киіммен жүреді.
“Бізге жылу қосқанын қалаймыз. Бұл жылыту маусым әлдеқашан басталған. Ал біз жылытқыштармен отырмыз. Сол үшін коммуналды қызмет қымбатқа шығады. Жылытқышпен отырғанымызға 15 күн болды”, – деді тұрғын Сайраш Чалова.
Семейдің Цемент ауылындағы көп қабатты үйлердің тұрғындары орамішілік желілер баяғыда-ақ қиын жағдайда болғанын айтады. Барлық құбырлар шіріп кеткен.
“Осы жайында Семей қаласының әкімінеүш рет, Семей қаласының прокуратурасына, облыс әкіміне екі рет, содан кейін президентке осы үйлердің, сегіз үйдің тұрғындарының өтініші бойынша хабарластық. Осы 36 жыл ішінде құбырлар ауыстырылған жоқ, бәрі шіріп кетті. Жыл сайын осылай. Өткен жылы тоғыз рет апат болды. Бұған дейін 26 рет болған. Биыл бір аптада үш рет апат болды”, – деді пәтер иелері кооперативінің төрағасы Төлеубек Махыжанов.
Тұрғындар тіпті өз тергеулерін жүргізіп, өздері қоңырау шалып, барлық инстанцияларды аралап шыққандарн айтады.
“Жылу пунктіне де бардым. Маған: "бізден не қалайсыз? Жылу инспекциясына барыңыз" деді. Онда бір шебер шықты. Ол маған жағдайды мердігер өз жұмысын аяқтауы керек деп түсіндірді. Бірақ олардың қолма-қол ақшасы таусылғандықтан, жұмыс тоқтатылған. Біздің үйлер орналасқан учаскеде жылу трассасы ауыстырылған жоқ”, – деді семейлік Лаура Исабекова.
“Жылыту жүйесі әрең істеп тұр. Себебі жиі апат болады. Біз одан шаршадық. Біз жай ғана жылы үйде отырғымыз келеді. Адам сияқты жеңіл киініп, ыстық суды қолданғымыз келеді. Соның бәріне есесіне ақша төлейміз”, – деді Семей тұрғыны Шолпан Айтова.
Коммуналдық қызметкерлер келесі жылға дейін тозған құбырларды ауыстыру мүмкін емес дейді. Ал келесі апат болған жағдайда олар жөндеу тобын жіберуге уәде береді.
“Бұл үйлерге жылу беру 12 қазанда басталды. Бірақ жылу желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты іске қосылған сәттен бастап екі келеңсіздік болды. Оларды "Теплокоммунэнерго" МКК қызметкерлері уақытылы жойды. Қазіргі уақытта жылыту маусымының басталуымен күрделі жөндеу келесі жылға ауыстырылады”, – деп мәлімдеді "Теплокоммунэнерго" МКК апаттық-диспетчерлік қызметінің бастығы Евгений Мурашев.
Бұған дейін коммуналдық қызметтер 100% дайын екенін хабарлады.
“Биыл жылу құбырлары қанша рет өзгерді. Тәртіп өзгертілгені – 15%, ал жалпы тозу 69-68% болды. Тағы да кешірім сұраймын, аздап шыдау керек. Қазір осы сәтті реттеп жатырмыз. Барлық қызметкерлер, оның ішінде әкімдік, оның ішінде "Теплокоммунэнерго", тәулік бойы жұмыста”, – деп мәлімдеді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.