Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде тұрғындар пәтерлеріне әлі жылу берілмегеніне шағымдануда

Семейде тұрғындар пәтерлеріне әлі жылу берілмей, салқын үйде отырғандарын айтып шағымдануда. Қалалық әкімдік жағдайға байланысты жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Бұған дейін қала әкімдігі үйлерге 10 қазанынан бастап жылу беріле бастайтынын хабарлаған. Алайда тұрғындар пәтерлерде жылудың әлі келмегенін айтып шағымдануда.

Жергілікті тұрғындар жылу мәселесі бойынша әкімдіктің парақшасына наразылықтарын жазды. Кейін бұл парақша пікірлерді жауып тастаған.

Әкімдік жылу жүйесіне қосылу мұқият нақты алгоритмді қажет ететін күрделі технологиялық процесс екенін жеткізді. Билік бұл процесс кезең-кезеңімен жүріп жатқанын айтып сендірді.

Деректерге сай Семейде 2022 жылы жылу жүйесінде 300-ден астам ақау болған.

Талқылау