Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде құрдасын пышақтап өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты

Семейде өз құрдасын өлтірген кәмелетке толмаған балаға үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аbainews.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға маусым айында “Мұрат” саяжайында болған. Екі кәмелетке толмаған жасөспірім болмашы мәселе үшін жанжалға түсіп, жанжал барысында олардың бірі қарсыласының мойнына пышақ салған. Соңғысы алған жарақатынан қайтыс болды. 

“2023 жылғы 18 қыркүйекте Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған А. ҚК-нің 99 – бабы 3 – бөлігі бойынша (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесіне белгіленген”, – делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау