Семейде нөсер дауылға ұласып, аурухананың шатыры қирады
Семейде нөсер жаңбыр мен бұршақтың соңы дауылға ұласып, жұртты әуре-сарсаңға салды. 20 минут жауған жауын бірқатар көшені суға толтырып, көлік қозғалысы қиындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.
Жаңбыр суының тереңдігі кей жерлерде шамамен 40 сантиметрге жеткен. Ал аспалы көпірдің төңірегіндегі арық жүйелері жиналған суды ағызып үлгере алмады. Соның салдарынан ондаған көлік көлшікке батып, жолда қалған.
Кейбір көшелерде жаяу жүргіншілердің жүріп өтуі қиынға соқты. Қазір қаланың коммуналдық қызметінің арнайы сусорғыш техникалары селмен күресуде. Ал жаңбырдан кейінгі дауылға көшедегі талдар шыдас бермеген.
"Осы ауа райының құбылуынан Семейдің кейбір көшелерін су басты. Лесная, Засядка көшелерінің бойында талдардың құлағаны туралы оқиға тіркелді. Және де қаладағы №2 қалалық аурухананың шатыры ұшқаны туралы ақпарат келіп түсті", - дейді Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері Думан Икенов.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн