Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да екі рет құлдыққа сатылған зейнеткер далада қалып, қолынан айырылды

Семей қаласының маңындағы қойшының үйіне жұмысқа тұрмақ болған жалғызбасты қарт әйел мүгедек болып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

65 жастағы келіншек үй күтушісі болып жұмыс істеуі керек болған. Алайда оны құлдыққа салып, қой бағуға мәжбүрлеген. Қашып кетпек болған келіншекті үй иесі соққының астына алып, тіпті басқа адамдарға сатып жіберген. 

Далада жоғалған бұзауды бір жарым тәулік бойы іздеп, қолы үсіп қалған кезде үй иесі оны ауруханаға алып келіп, сол жерге тастап кетіпті. 

"Менің қолдарым үсіп қалды. Ештеңе істей алмай қалдым. Бір жарым тәулік бойы мен далада бұзау іздедім. Бұзауды тауып, үйге қайтқанда қолдарым үсіп қалды. Менің құжаттарым жоқ, маған жалақы төлемейтін. Ата-анам сіңлім қайтыс болған", - дейді зейнеткер Галина Кочева. 

Қоғам белсенділері әйелге құжаттарын қалпына келтіріп, қарттар үйіне орналастыруға көмектесуге уәде берді.

Полиция "құл иесіне" қатысты "Адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 07 Сәуір, 2021 09:58
Талқылау