Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде коммуналдық кәсіпорынның басшысы жаңа қоқыс полигоны жобасын бекітуден бас тартты

Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Келешек" көпсалалы пайдалану кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Мақсұт Нығметов Семейде жаңа қоқыс полигонын салу жөніндегі құжаттарға қол қоюдан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

Семейдегі жаңа полигонның құны төрт миллиард теңге. Оған ақшаны Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) несиеге береді. Коммуналдық кәсіпорынның бастығы Мақсұт Нығметовтың айтуынша, Оралда мұндай жоба 11 есе арзан бағаланған.

Нығметовтың пікірінше, бұл несиені тұрғындар төлеуге мәжбүр болады. Оның есептеулері бойынша, қазір жергілікті тұрғындар қоқыс шығару үшін 200 теңгеден төлейді, ал келісімшартқа қол қойылғаннан кейін қызмет кем дегенде 700 теңгеге қымбаттайды.

Облыс әкімдігі кәсіпорын басшысының сөзіне назар аударды. Олардың айтуынша, 2023 жылдан бастап қоқыс шығару тарифі 320 теңгеге дейін, ал 2025 жылдан бастап 450 теңгеге дейін көтеріледі.

Әкімдікте Семей полигонын басқалармен салыстыру дұрыс емес екенін айтты. Олардың пікірінше, ол халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату проблемасын толық шешеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр