AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде келіншек өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалған: Оның жағдайы ауыр

Семейде 9 қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала тірідей жанып кете жаздады. Қызыл жалынның құрсауында қалған қос жасөспірімді құтқармақ болған 42 жастағы әйелдің өзі оңбай күйіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Ауыр халде ауруханаға жеткізілген ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Тілсіз жау алтыншы қабаттағы пәтерден тұтанған. Баспана ішіндегі жиһаздар мен жеке заттар өртенген. Артынша қою қара түтін қалған пәтерлерге де таралыпты.

Сол сәтте көпқабатты үйден сыртқа шығалмай 31 адам қалып қойған. Оның 14-і – бала. Оқиға орнына келген құтарушылар оларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Жанып жатқан пәтерден 14-16 жастағы екі жасөспірім аман-есен құтқарылды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр