Семейде ескі көпірдің бір бөлігі опырылып кетті
Семейдегі ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті. Көпірде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көпірден өтіп бара жатқан адамдар өткелдің бір бөлігінің құлағанына куә болды. Бұл кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада көпірдің қатты зақымданғанын көруге болады.
Қазір көпірде көлік қозғалысына тыйым салынған. Бұл оқиғаға әкімдіктен түсініктеме берілді.
"Бүгін сағат 20:00-де автокөпірдің оң жақ тротуар бөлігінде жаяу жүргіншілер тақтасы сынып кетті. Қала әкімінің орынбасары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері, жол -патрульдік қызмет көпірге барып, олқылықтарды тексерді. Қазір көпірде қозғалыс тоқтатылды", – деп мәлімдеді қала әкімдігі желідегі парақшасында.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ