Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Өтінемін, қажет емес”: Семейде ер адам түн ортасында қызды көлікпен "ұрлап әкетпек" болды

Ер адам қызды күштеп ұрлап кетпек болды

Фото: Видеодан скрин

Семейде ер адамның қызды күштеп көлікке отырғызып, ұрлап әкетпек болып жатқаны видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға шамамен түнгі 23:38-де Докучаев көшесінде болған. Куәгер ер адамның қызды күштеп көлікке отырғызғанын көрген. Қыз жылап, “Өтінемін, қажет емес” деп айқайлаған. Бұл жағдай куәгерлердің алаңдаушылығын туғызып, олар көліктің нөмірін түсіріп алып, видеоны әлеуметтік желіде таратқан.

Тексеру барысында полицейлер көлікте жас жұп болғанын анықтады. 23 жастағы жүргізуші мен бойжеткен арасында тұрмыстық негізде жанжал туған. Ер адам күш қолданып, дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, полиция басқа да құқық бұзушылықтарды тіркеді. Жүргізуші жол ережелері мен түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзған.

Болашақта зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары қыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазір қыз қорғауда, онымен тергеу органдары жұмыс жүргізіп жатыр.

 

Айым Болатқызы
Жұма, 01 Тамыз, 2025 11:33
Талқылау
`